• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:03:19
Алматы
+12°

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Halyk» қайырымдылық қорынан бөлінген гуманитарлық көмек Ақсу ауданы әкімдігі ұсынған мұқтаж жандардың тізімі бойынша үй-үйге таратылды.

Аудан бойынша көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, төменгі зейнетақы алатындар мен мүгедек санатына жатқызылған 54 отбасыға 3 қораптан, жалпы 162 қорап азық-түлік пен 270 литр күнбағыс майы табысталды.

Жинақ құрамында ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, қарақұмық, қант, шай мен тәттілер бар.

«Halyk» қайырымдылық қорынан келген азық-түлік жинағын, аудан еріктілері мекен-жай бойынша әрбір отбасыға жеткізіп берді.

Төтенше жағдай жарияланғалы Ақсу ауданы бойынша 510 отбасыға 10 миллионнан астам қаржыға әлеуметтік азық-түлік таратылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір