21 Мамыр, 2020 NEWS
instagram.com
Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Halyk» қайырымдылық қорынан бөлінген гуманитарлық көмек Сарқан ауданының аз қамтылған көмекке мұқтаж жандарға таратылды.
Аудан бойынша көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, төменгі зейнетақы алатындар мен мүгедек санатына жатқызылған 133 отбасыға 3 қораптан, жалпы 399 қорап азық-түлік пен 665 литр күнбағыс майы табысталды.
Берілген жинақ құрамында ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, қарақұмық, қант, шай мен тәттілер бар. «Halyk» қайырымдылық қорынан келген азық-түлік жинағын, аудан еріктілері мекен-жай бойынша әрбір отбасыға жеткізіп берді.
Айта кеткен жөн, төтенше жағдай жарияланғалы Сарқан ауданы бойынша жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 250 отбасыға 6 млн.500 мың теңгеден астам қаржыға әлеуметтік азық-түлік таратылған.
Сонымен қатар, «Арлан» шаруа қожалығы 1 млн.теңге болатын қолға арналған антисептик таратып берді. «Halyk» қайырымдылық қорына аудан тұрғындары атынан шынайы алғыс білдіреміз!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір