04 Маусым, 2020 NEWS
astana.gov.kz
Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акцияға қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері Қазақстанның Әнұранын шырқап, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендже қатысты.
Бастамашылардың айтуынша, патриоттық акцияны 100-ден астам ұйым, оның ішінде бизнес өкілдері қолдады. Әлеуметтік желілерде # МеніңТуым # МемлекеттікРәміздер # БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан хэштегтерімен 3000-нан астам жазбалар мен видеолар жарияланды.
«Мен барша қазақстандықтарды осы ұлы мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» – деді Нұр-Сұлтан қалалық дін істері басқармасының бастығы Нұрдәулет Әлмұханов.
«Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің дамуының ажырамас бөлігі. Бұл халықтың келісімі мен бірлігінің, еліміздің егемендігі мен тұрақтылығының белгісі. Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы – қасиетті құндылықтарға деген терең құрмет. Мен елімізге одан әрі өркендеу тілеймін!» – деді өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бастығы Тілеуғали Қышқашбаев.
Хабарланғандай, бүгін елордада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акция өтті. Азаматтар елдің басты әнін айтып, бір-біріне жолдауда. #МеніңТуым #МемлекеттікРәміздер #БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан хэштегтерін қолданған бейнероликтер әлеуметтік желілерде жарияланды.
Бейнероликтер патриоттық сезімді, елорда тұрғындарының бірлігін нығайтуға арналған және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрінісі.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер – бүкіл әлемде елдің тәуелсіздігін, халықтың патриотизмін, батырлығы мен даналығын, жарқын болашаққа ұмтылысының, мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың бейнесі.
Осы мерекені атап өту және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар іс-шаралар өткізіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір