• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:39:07
Алматы
+12°

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді делінген Қарағанды ​​тұрғыны Арман Хасеновқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады ҚазТАГ.

– Кешіріңіз, енді бұлай қайталамаймын ... Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұраймын. Мен жұмыс тауып, қоғамға пайдамды тигізуге уәде беремін, – деді А. Хасенов.

Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 373-бабының 2-бөлігі бойынша (көпшілік алдында қорлау және Тұңғыш Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу) Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралды.

– Хасенов жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтып, өз кінәсін толықтай мойындады, сот оны қоғамнан оқшауламай-ақ түзету және қайта тәрбиелеу мүмкін деп санайды. Хасенов Арман Қайратұлы ҚР ҚК 373-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таюылып, оған пробациялық (сынақ мерзімі) бақылау негізінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп үкім шығарған судья Манат Жұмақаева.

Еске салайық, 13 маусымда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті желіге мазмұны біржақты ролик жүктеген Қарағанды ​​тұрғынының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір