09 Маусым, 2020 NEWS
BBC
Шетелдік зерттеушілер Ухань ауруханаларында 2019 жылдың тамызынан бастап коронавирус пайда болған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Гарвард университеті зерттеушілерінің айтуынша, жерсеріктен түсірілген суреттер көрсеткендей, Уханьдағы бес аурухананың сыртында көліктердің көбеюі тамыздың аяғынан желтоқсан айына дейін байқалған.
Осыған дейін "вирус Қытайда алғаш рет қараша айында пайда болды" делініп келді. Бейжің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) 2019 жылдың 31 желтоқсанында белгісіз себеппен пневмония жағдайларының кластері туралы хабарлаған.
– "Коронавирус пандемиясы басталды" деп жарияланудан бұрын әлеуметтік ретсіздіктердің белгілі бір деңгейі болған, – деді зерттеуді басқарған доктор Джон Браунстейн ABC жаңалықтарына.
Гарвард ғалымдары Уханьдағы бес аурухананың сыртындағы жағдайлар көрсетілген жерсеріктік деректерді зерттеп, 2018 жылдың жазы мен күзінің деректерін 2019 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырған.
Зерттеушілер Уханьдағы ең ірі ауруханалардың бірі Тянью ауруханасында 2018 жылдың қазан айында 171 көліктің тұрғанын мәлімдеді. Жерсеріктен түскен деректер бойынша, 2019 жылғы қазанда 285 көлік тұрған. Бұл көлік санының 67% -ға артқанын білдіреді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір