• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:45:12
Алматы
+12°

Жерсеріктен түсірілген суреттерде Оңтүстік Қытай теңізінде қытайлық соғыс кемесінің даулы Паракел аралдары арасында су асты кабельдерін салғаны көрінген. Бұл туралы британиялық "The Sun" газеті жазды.

Сарапшылар бұл кабельдер Бейжіңнің шетелдік кемелерді табу қабілетін күшейтетінін айтады. Басылымның жазуынша, Қытай Парасель аралдары мен Спратли аралдарында әскери заставалар ашқан. 

Сонымен қатар Қытай туы бар соғыс кемесінің 28 мамырда Паракел аралдарына бет алғанын көрінген. Кеме 5 маусымда оңтүстік-батысқа қарай жүзуді жалғастырып, Друммонд, Ягон аралдарындағы және басқа үш негізгі әскери заставаға барған.

АҚШ әскери-теңіз колледжінің профессоры Джеймс Краска "Бейжің Қытай заставалары арасындағы шифрланған әскери байланыстарды күшейтіп жатқан болуы мүмкін" дейді.

Кларк мырза Қытай әскери базалары жер асты туннельдерімен және ядролық суасты қайықтарымен толыққанын мәлімдеді.

– Вуди аралы мен Хайнань аралдары арасында орналасқан теңіз түбіндегі сонар соғыс уақытында "PLAN" суасты қайықтарына шабуыл жасап, АҚШ сүңгуір қайықтарын табуға көмектеседі, – дейді профессор Кларк. 

Басылымның жазуынша, халықаралық заңдарға сәйкес, Оңтүстік Қытай теңізінің үлкен бөлігі Вьетнамға тиесілі. Алайда Бейжің оған келіспейді. Бейжіңнің қарауы бойынша, Филиппин, Малайзия және Тайвань жағалауларына дейінгі барлық су жолы Қытайға тиесілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір