10 Маусым, 2020 NEWS
видеодан алынған
Көкшетауда көпбалалы ана 2 жасар баласымен бірге бесінші қабаттан секіріп, суицид жасамақ болды. Мұны көрген көршілері құтқару қызметіне хабар берген.
Ктк телеарнасының мәліметінше, құтқарушылар көлік баспалдағына шығып, келіншекті райынан қайтаруға тырысқанымен, ол сөзге көнбеген. Құтқарушыларға 5-қабатқа шатырдан түсуден басқа амал қалмаған.
Сайланып келген құтқарушылар көлік баспалдағына шығып, жас келіншекті райынан қайтаруға тырысқан. Алайда келіншек құтқарушылардың сөзін тыңдамаған. Кейін құтқарушылар альпинист құрылғыларын пайдаланып жоғарыдан төмен түскен кезде, әлі де екіленіп айғайлап тұрған әйел оларды байқамапты. Оның үстіне ішімдік ішіп алса керек. Өйткені көршілерімен жанжалдасып, осындай әрекетке барған. Қазір екікештің арасында жұртты әбігерге салған көпбалалы ананың ақыл-есі дұрыстығы тексеріліп жатыр. Балаларын ювеналдық полиция уақытша оқшаулау орталығына алып кетті.
– Әйел ешкімді тыңдамады. Сәбиді лақтыруға дайын болды. Жоғарыдан түсіп терезеге таяғанда ғана бізді бір-ақ байқады. Бар күшіммен секіріп, оны ішке қарай итеріп жібердім. Соның өзінде қарсылық білдірді. Екінші құтқарушы келіп есік ашты. Үйде тағы екі кішкентай бала бар екен. Олар осының бәрін көріп отырды, – дейді Ақмола облыстық ТЖД бөлімше басшысы Роман Шевченко.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір