• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:58:05
Алматы
+12°

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус инфекциясынан айықты, деп жазады  Tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта Ғалым Әшімовтің денсаулығына алаңдайтын себеп жоқ. Соңғы тест теріс нәтиже көрсетті. 15 маусымда жұмысқа шығуы мүмкін. Еңбекке жарамсыздық парағының мерзімі аяқталып жатыр", – деді әкімдіктегілер.

Еске салайық, әкімнің коронавирус жұқтырғаны туралы 2 маусымда хабарланған. Ведомство өкілдері әкімде аурудың белгілері байқалмағанын және оның ауруханада емес, үйде оқшауланғанын айтқан еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір