14 Маусым, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
15 маусымда кешкі сағат 20:00-ден бастап Көкшетау қаласындағы 7 блокбекеттің жұмысы қайта жанданып, қалада карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі.
"14 маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 199 жағдай тіркелді, оның 4-і қайғылы аяқталды. Облыс орталығында жағдай күрделене түсті. Мониторинг тобының жұмысы тұрғындардың өзі мен туыстарының денсаулығына немқұрайлы қарайтынын көрсетті. Жаппай отбасылық шаралар – туған күн, үйлену тойы, кісінің жылын беру, жерлеу рәсімдері тәрізді шаралардың өткізілетінін көрсетті. Санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындамайтын кәсіпорындар да бар. Барлық жағдай бойынша әкімшілік шаралар қолданылуда" делінген хабарламада.
Соңғы аптада қалада вирус жұқтырғандар 42 адамды құрады. Оның ішінде ауру белгісі барлар – 15, ауру белгісі білінбейтіндер – 27.
Еске сала кетейік, симптомы жоқтарда аурудың жөтелу, дене қызуының көтерілуі сынды өзге де белгілері білінбейді. Алайда зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсетіп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір