• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:10:05
Алматы
+12°

Түркістан облысының Төле би ауданында бір топ оқушы тауға шығып, адасып кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Түркістан облысы Төле би ауданы Біркөлік ауылынан 5 шақырым жерде 25 адам тауға шыққан. Оның ішінде 3 ересек адам мен 22 оқушы болды. Кейін 9 оқушы мен 1 тәрбиеші таудан өз бетінше түскен, ал 3 оқушы адасып кеткен. Сағат 22:48-де тәрбиеші таудан түскен соң болған оқиға туралы "112" нөміріне хабарлаған, – деді комитеттегілер.

Сағат 23:00-де іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, оған Шымкент қаласы ТЖД, Түркістан облысы ТЖД, жедел жәрдем бригадалары мен полиция күштері – барлығы 23 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

16 маусым күні сағат 00.58-де Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін өлі күйінде тапқан.

Сонымен қатар құтқарушылар тауда адасып кеткен тағы 2 оқушыны тапқан. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір