16 Маусым, 2020 NEWS
kulantany.kz
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көрсетіледі.
- Кедейлік шегі тоқсан сайын күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінен анықталады (2020 жылдың 2 тоқсаны - 33 590 теңге, кедейлік шегі - 23 513 теңге).
Ағымдығы жылы 35,4 мың адамды АӘК қамтамасыз ету үшін төлеуге республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге бөлінді.
Жыл басынан бері АӘК 4 419 отбасына (22 000 адам) 1 154,8 млн. теңгеге төленді, оның ішінде 1775 көп балалы отбасы.
Осы жылдан бастап АӘК алушылар арасындағы балаларға материалдық қолдау көрсету үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) ұсынылады:
- мектеп жасына дейін балалар - балалар тағамы және гигиена заттары;
- мектеп жасындағы балалар - мектептердегі ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу, жол шығындарын өтеу.
Барлығы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3 804 балаға 36,6 млн теңгеге азық-түлік жиынтықтары берілді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен Magnum Cash & Carry дүкендер желісі арқылы берілуде.
- Төтенше жағдайға байланысты табыстарынан айрылған азаматтарға әлеуметтік төлем.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығымен төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекітілген.
Әлеуметтік төлем берілетін санаттар:
- дара кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлеріне;
- карантин енгізілген елді мекендерде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері;
- дара кәсіпкерлер;
- бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар;
- ақы төленбейтін демалысқа шыққан коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері, мемлекеттік жұмысшылардан басқа.
Әлеуметтік көмек тағайндалмайтын санаттар:
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі өтініш берген күніне дейін он екі ай ішінде ескерілетін БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі жоқ адамдарға;
- өтініш бергенге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде бір ай жұмыс өтілі жоқ БЖТ төлеушілер
- азаматтық құқықтық шарт бойынша кіріс алатын, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ жеке тұлғалар;
- еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;
- егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға,
- Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға тағайындалмайды.
Төтенше жағдай кезінде Алматы қаласы бойынша төлем 18,8 млрд. теңгеге 441 747 адамға төленді:
- 1 айда – 371 933 адам.
- 2 айда – 69 814 адам.
Жалпы жүйеге 896 624 өтініштер енгізілді.
Бақылау және тексеріс арқылы қате себебі бойынша қабылданбаған өтініштер (талаптарға сәйкес келмейтін) – 455,6 мың.
Бүгінгі күні әлеуметтік төлемдер тағайындалмаған азаматтар үшін өтініштерді қайта қарау тәртібі бекітілді, ол үшін азаматтар штабқа кірістерінен айырылғанын растайтын өтініш пен құжаттарды тапсыруы қажет.
Өтініш беру үшін азаматтар Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жүгінеді.
- Ақшалай түрде азық-түлік себеттері (2 айлық ЕАК кемемес әлеуметтік көмек).
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттары анықталды.
Көмек 80 262 адамға 1 130,1 млн. теңгеге төленді.
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер – 27 764 адам на 410,2 млн.;
- мүгедек-бала – 6 578 адам, 114,3 млн.;
- мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар – 6 293 адам, 105,2 млн.;
- АӘК алушылар санынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 6 752 адам, 112,7 млн.;
- АӘК ересек алушылары – 7 580 адам, 42,2 млн.
- ресми түрде тіркелген жұмыссыздар – 8 800 адам, 96,7 млн.
- зейнеткер жасындарығы мүгедектер – 16 495 адам, 248,7 млн. теңгеге (наурыз-мамыр айларына).
- «Birgemiz» қорынан біржолғы көмек (50 мың теңге).
Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қоғамдық қоры арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан 52 064 адамға
50 мың теңгеден төлем жасалды (2,6 миллиард теңгеге), оның ішінде:
- көп балалы отбасылар, аз қамтылғандар арасынан - 4 222 адам;
- бірінші топтағы мүгедектер - 5 586 адам;
- мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар – 6 420 адам;
- ең төменгі зейнетақы немесе ең төменгі базалық зейнетақы алатын зейнеткерлер - 6 403;
- жетім балалар, оның ішінде - 756 жетім, асыраушысынан айрылғандар – 84;
- аз қамтылған, оның ішінде көп балалы отбасылар (2019 жылы АӘК алушылары) – 6 584 адам;
- I және II топтағы зейнеткер мүгедектер – 4 510 адам;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері және оларға теңестірілгендер - 3 406 адам .;
- тыл еңбеккерлері – 13 907 адам.
- «Жаңа Алатау» ҚҚ есебінен азық-түлік жиынтықтармен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, аз қамтылған азаматтар «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры есебінен азық-түлік жиынтықтармен 145млн. теңгеге 14 мың адам қамтамасыз етілді.
Бастапқыда жиынтықтар жалғыз тұратын зейнеткерлерге (үйде қызмет етілетін) - 2 481 адам, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, оның ішінде көп балалы отбасыларға - 5443 адамға берілді.
24 наурыздан бастап колл-орталықтар арқылы жүгінген (6 076 адам) әлеуметтік осал топтардың басқа санаттарына жиынтықтар таратыла бастады.
Жиынтықтар «Қазпошта» АҚ, еріктілердің жедел штабы арқылы жеткізілді.
Анықтама: азық-түлік жиынтығының құрамы:
Сөмке: макарон - 2 кг., купеческие макарон өнімдері - 1 кг., кондитерлік алма - 1 кг., сұлы үлпектері - 1 кг., қант - 3 кг.
Үлкен қаптамасы: бұқтырылған сиыр еті - 2 дана, бұқтырылған жылқы еті - 2 дана, ұн - 1 дана, май - 2 дана, сүт - 2 дана, қоюландырылған сүт - 2 дана, түйіршіктелген шай - 2 дана.
Кішігірім қаптама: күріш жармасы - 3 кг, қарақұмық - 3 кг.
Сонымен қатар, а.ж. 6 мамырдан бастап «Халық» қайырымдылық қоры ұсынған азық-түлік жиынтықтармен 5 мың адам қамтамасыз етілді. Жиынтықтар аудан әкімдіктері арқылы таратылды.
- Коммуналдық шығындарды өтеу.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2010 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына ТЖ режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеу үшін 15 мың теңгеден аспайтын мөлшерде келесі санаттағы тұлғалар төлем алуға құқығы бар:
1) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
2) ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) көп балалы отбасылар;
5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
Алушылардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан сұралып, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 121,5 мың адам (оның ішінде 43 мың зейнеткер) Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына жіберілді.
- «Еңбек» бағдарламасын іске асыру.
Бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталығына 33,2 мың адам жүгінді, олардың 10,9 мыңы жұмыссыз мәртебесін алды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан
21,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 16,3 мыңы тұрақты жұмыс орындарына, оның ішінде 7,2 мың адам «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша (ЖҚЖК), уақытша жұмыс орындарына - 5 мың адам, оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындары - 809 адам (жоспар 960 адам);
- жастар практикасы - 223 адам (жоспар 1618 адам);
- қоғамдық қызмет - 4 039 адам (жоспар 15000 адам).
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларын іске асыру және өз бизнесін ашып, ұлғайту үшін қайтарымсыз 200 АЕК-дейін гранттар берілуде. Жалпы 392,3 млн. теңгеге 706 адамға грант берілді.
Еңбек министрлігімен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін сұранысқа ие 100 мамандық бекітілді. Халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру, барлық карантиндік шараларды сақтау арқылы жұмыссыздарды оқыту үшін оқу орталықтарының дайындығы немесе онлайн сабақтар өткізу мүмкіндігі бойынша мәселелерді қарастыруда. Қазір жұмыс берушілерден 27 оқу орталықтарында 42 мамандық бойынша өтінімдер бар.
- Жұмыспен қамту жол картасы.
Алматы қаласында Жұмыспен қамту жол картасы аясында 216 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша:
- әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;
- инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу;
- елді мекендерді абаттандыру.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастар үшін басымдықты Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдамалы жұмысшылардың кемінде 50%-ы болатын 26 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандар салу арқылы 2045 тұрақты жұмыс орны құрылады.
Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады.
Өтініш беру үшін (өтініш берушілер мен жұмыс берушілерге) Жұмыспен қамту орталығының сайты (http://cz-almaty.kz/) жұмыс істейді, онда қабылданған шаралар туралы толық ақпарат бар, өтініш беруге сілтеме де бар.
Жол картасы аясында жұмысқа орналасуды жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығында 8 690 белсенді түйіндеме тіркелген, оның 244-і құрылыс нысандарында жұмыс істеуге арналған.
Бүгінгі күнге 215 инфрақұрылымдық жоба басталып, 14,3 мың жұмыс орны ашылды, оның ішінде 7 235 адам (жоспардың 56%) Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір