17 Маусым, 2020 Әлеумет
Суретте: Ерлан Саиров
Саясаттанушы Ерлан Саиров революциялық емес, эволюциялық жолды таңдауға шақырды.
"Біздің барлығымыз да еліміздің болашағы демократия, пікірлер плюрализмі, әлеуметтік әділеттілік принциптерімен тығыз байланысты екендігін терең сезінеміз. Бізді біріктіретін де осы құндылықтар!
Десек те, Қазақстандағы демократияға ұмтылыс ниеті революциялық жолды емес, эволюциялық жолды таңдауы тиіс деп санаймыз.
Біз қандай да бір наразылық, әлеуметтік қайшылық пен толқулар конструктивті тәсілмен шешілуі қажет деген қағиданы ұстанамыз.
Сондықтан, біз мемлекетіміздің дамуына барынша үлес қосуға қабілетті, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге ықпалын тигізетін, қоғамдық прогресске жетелейтін қадамдар жасау мақсатында «Нұр-Отан» партиясының жақтастары Лигасын» құруды жөн көріп отырмыз!",- деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір