• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:03:32
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева халықты себепсіз ПТР-тесттен өтпеуге шақырды. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

"Жүргізіліп жатқан тесттердің саны бойынша мәліметті келтірсек: 100 мың адамға есептегенде Қазақстан тәулігіне 7 мың адамды тесттен өткізеді. Басқа елдермен салыстырып көрелік: 100 мың адамға есептегенде Австрия мен Канадада күніне 6 мың адам, АҚШ-та 8 мың адамды өткізеді. Бұл тізімде Қазақстан 34-ші орында тұр" деді Ақтаева.

Ол азаматтарға тест тек клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізілуі керектігін еске салды.

"Тестілеуден медициналық ұйымдардағы инфекциялық және провизорлық стационарларға жатқызылған, ЖРВИ, пневмония белгілері бар немесе КВИ жұқтырған, медициналық бақылаудағы азаматтар өтеді. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтар, стационарға жоспарлы немесе шұғыл түскен пациенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелерге түскен азаматтар тесттен өтеді. Сонымен қатар тест алдын алу шарасы үшін де өткізіледі. Ол санат бойынша өтетіндер: Қазақстанға шетелден келетін азаматтар, жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (айына бір рет) мен әскерге шақырылушылар" деді ол.

Бұған бөлек, денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы медициналық көрсеткіш бойынша тесттен өтудің маңыздылығына тоқталды.

"Тест көрсеткіші жоқ азаматтарға тесттен өтудің қажеті жоқ. Яғни не клиникалық, не эпидемиологиялық көрсеткіші жоқ азаматтарға тесттен өтіп қажет емес. Халықтан тек медициналық көрсеткіш бойынша тесттен өтуді өтінеміз. Адамдардың тесттен өтуі керектігін клиникалық немесе эпидемиологиялық көрсеткіш расталған жағдайда дәрігер немесе эпидемиолог шешеді. Мен бұрын коронавирус инфекциясы анықталған науқастардың ішінде 24 пайызының клиникалық көрсеткіші барын атап өткен едім. Сол себепті клиникалық көрсеткіші бар адамдарға басымдық берілуі тиіс. Себебі коронавирусты уақтылы анықтау – ойлы ем-домның кепілі. Яғни егер медициналық көрсеткішсіз қаралатын болсаңыз, бұл жағдай зертханаларға жүктемені үдетіп, тиісінше тест нәтижесін алу уақыты да созылып кетеді" деді Ақтаева. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус ПТР тест

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір