qamshy.kz
Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірі қатты сырқаттанып келген анасын қабылдамай жатқанын айтып, шағымданды.
Желідегі жазбасында президенттен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Рүстем Албаевтың орнынан кетуін талап етіп, видеоүндеу жолдады.
– Таңнан бері анамды ауруханаға жатқыза алмай жатырмын. Жедел жәрдеммен алып кетіп, кейіннен жедел жәрдем анамды есік алдына лақтырып кетті. Мен анамды ауруханаға жатқыза алмай жатырмын, басқаларын айта алмаймын. Әкімдікке келсем жауап бермейді. Анамның екі өкпесі жарамсыз, тез арада анамды ауруханаға жатқызу қажеттігін облыстың дәрігерлері айтты. Анамның тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласы. Шымкенттен болса да, жатқызбай далаға шығарып, лақтырып тастады. 60-қа келген анамды осылай қорлап отыр, – деді А. Орынбек.
Оның айтуынша қазіргі уақытта анасының денсаулығы нашар және аурухана басшылары үйге қайтарып отыр.
– 5 млрд-қа салынған жұқпалы аурухана кім үшін салынды?! Бай-бағландар, әкімдер үшін салынды ма, я министр, президент үшін салынды ма?! Қарапайым халық не істейді?! Маған не үшін екенін біреу шығып, жауап берсін, – деп талап қойды Айгүл Орынбек.
"5 миллиардқа салынған ауруханасында реанимационный жоқ екен!"
Анамды жедел жәрдем қайтадан алып кетті. Тек осылай интернетке шығып "Анаң үшін айқайлап жылауың керек екен!" Азаннан бері өкпесін рентгенге түсіріп, хәлінің нашар екенін, дәрігер емес, мен түсініп тұрмын! Түркістан облыстық ауруханасы шұғыл түрде ауруханаға жатқызу керек екенін айтқан соң бірден скорый шақырдық. Сөйтсек ол жақ анализ болмай қабылдамайды деп бірден айтты. Анамның өкпесі 75% жарамсыз деді врач.
Жаңа аурухана да реанимационный жоқ, ескіге алдырамыз деді. Осылай сандалып жүргенімізге алты сағаттан асты! Жаңа ауруханада реанимация жоқ болса, оны көрмеге салып қойдыңдар ма?
Президент Қ Тоқаев мырза!
Біздің Шымкент қаласындағы аурухана сіз келіп лентасын қию үшін салынған екен.
Ол жақта реанимация жоқ!
Бір-біріне жұмсап, бір-біріне лақтырып "облысқа қараймыз", "қалаға қараймыз" деп қарапайым халықты иттін шығарады!
Осылай жүргенде адам өліп кетсе ше?" деп жазды заңгер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір