• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:06:30
Алматы
+35°

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің денсаулық сақтау саласының өкілдерін Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан құттықтауды өзінің twitter-дегі жеке парақшасында жариялады.

«Мәжіліс депутаттары атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бүгін өзім ауруханада ем қабылдап жатқанда, дәрігерлер мен медбикелердің індетпен күрескеніне куә болдым. Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!» деп жазды Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Медицина қызметкерінің күні бүгінгі таңда нағыз жалпыхалықтық мерекеге айналды. Әрбір дәрігердің халықтың денсаулығын қорғау жолындағы қосқан үлестері орасан зор.

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтардың дендеріне саулық және амандық тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір