• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Қыркүйек, 07:20:48
Алматы
+8°

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-тегі парақшасында жазды.

– Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзін-өзі оқшаулауға көшті. Өкінішке орай, коронавирусқа тапсырған соңғы ПТР тестінің нәтижелері оң нәтиже көрсетті, – деп жазды ол.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта Баталов оқшауланып, қашықтан жұмыс істейтін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір