Түркістан облысы Сарыағаш қаласында азық-түлік бутиктері өртеніп кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"24 маусым күні сағат 04:40-та Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Рамазан» суару каналының бойындағы жалпы аумағы 250 шаршы метр 9 азық-түлік бутигі өртеніп кеткен", делінген комитет хабарламасында.

Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сағат 06: 25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД күштері мен құралдары, кезекші жедел тергеу тобы жалпы саны 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір