• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:54:17
+12°

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) парламент сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлау шығындарының мөлшерін хабарлады. 

ОСК хатшысы Сабила Мұстафинаның айтуынша, кандидаттың сайлау қорын құрайтын қаражат Қазақстанның Халық жинақ банкіндегі арнайы уақытша шотқа жинақталады.

– Республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлау алдындағы жариялы іс-шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға арналған шығыстары мен көлік шығыстары Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде өтеледі. ОСК өз қаулысымен Қазақстан парламенті сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі: атап айтқанда, теледидардан, радиодан бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау үшін – 300 000 теңге; сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару үшін – 70 000 теңге; көлік шығындары үшін – 80 000 теңге қарастырылған, – деді Мұстафина.

Қазақстанда сенат депутаттарының сайлауы 12 тамызға белгіленген.

Заң бойынша, сенатқа әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан екі адамнан сайланады. Депутаттардың 34-ін мәслихат депутаттары сайлайды, қалған 15-ін президент тағайындайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған депутаттар қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2017 жылы өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір