25 Маусым, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдің денсаулық министрі Елжан Біртанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Сайтта жарияланған Тоқаевтың жарлығында Біртановтың не себепті қызметінен босатылғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Бұған дейін Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған. Содан бері оның қызметін орынбасары Ләззат Ақтаева атқарып келеді.
48 жастағы Елжан Біртанов 2017 жылдан бері Денсаулық министрлігін басқарды. Оны бұл қызметке елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір