• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:02:01
Алматы
+12°
Алматыда санитарлық талаптарды сақтамағаны және карантин кезінде көп адаммен көпшілік шара өткізгені үшін «Достлук» кафесінің қызметі тоқтатылды.

Ағымдағы жылдың 27 маусымында санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша мобильді топ сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін нысандарды аралап шықты. Тексеру барысында санитарлық нормаларды елемейтін нысандар анықталды. Атап айтқанда, «Достлук» кафесі. Кафе аумағында өрескел тәртіп бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда көп адам жиналған іс-шара өткізілген. 100 адамға арналған Банкет (үйлену тойы). Мекеменің иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, іс-шара сол мезетте тоқтатылды.

Эпидемиологтар іс-шараның қонақтарымен қашықтықты сақтау және үй ішінде көп жиналудың алдын алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. COVID-19 - бұл ауа тамшыларымен берілетін жұқпалы вирус. Жабық ғимарат және адамдардың көптеп жиналуы вирустың таралуына қолайлы жағдай жасайды.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты кафенің жұмысы тоқтатылды. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау Департаментінің мамандары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады, іс сотқа жіберілді.
Еске салсақ, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мониторинг топтары кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық талаптарды сақтауын бақылау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде.

22-27 маусым аралығында мониторинг тобы 479 ШОК субъектілерін қамтыды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзушылықтар келесі нысандардан анықталды: «Азамат», «Қазына», «Дәулет» дүкендері, «Lanzhou», «Жастар», «Қарағайлы», «Алатау», «Шағын маркет», «Ақбөпе», «Asqar», «Айару», «Диалог» асханалары», «Көкөніс дүкені, «Ақжол» авто бөлшектері дүкені, вулканизация.

Сондай-ақ тәртіп бұзғандар тізіміне: Байтерек мейрамхана кешені, Sababa, «Дареджани», Tomato, «Хороший год», Leo`s Cafe & Terrace, Frau Irma, «Мята Platinum», «Тархун», Samal, «Якорь», Friuli, KenRai, Lobby, «Жұлдыз», Crudo, «Шах», «Пугасов», Origano, «Золото», «У Стефании», Good-Beef Steak House, Sea Marinè, Velour, «Душевная кухня Шеф», «Del Papa», «Алаша», «Park Hall», «Жайлау». Кафелер: «Дәстүр», «Алатау Центр», «Афиша», «Cicek Мангал», «Теплица», «Пекинская Утка», «ВьетКафе», «Публика», «Гости», Go bar, «Тамшы Булак», «Мамламбо», ZEN, «Злато», «Алтын-Ай», «Восточный Квартал», «Кофейня», Excellent, Kalispera, Gloria Jean's Coffees, Urban Coffee, Honest, Mandarino, Eclair, Nautika, «Масисо», «Жан Плов лагман», Coffeedelia, Bisquit, «Жазғы аула», «Мансарда», «Столовая syrmaq», «Керемет», «Прованс», пердеше салоны, ЖК «Мамаева», «Черкаш» кірді.

Аталған объектілерде келесі тәртіп бұзушылықтар анықталды:
 
- әлеуметтік қашықтық белгілерінің болмауы;
- байланыссыз термометрияны сақтамау;
- жеке қорғану құралдарын тиісінше пайдаланбау және кәдеге жарату;
есепке алу журналының болмауы;
санитайзерлердің болмауы;
- павильондарға кіре берісте дезинфекциялау кілемшелерінің болмауы;
- пайдаланылған маскалар мен қолғаптар үшін қоқыс жәшігінің болмауы;
- азық-түлік дүкендерінде өнімдерде қорғау пленкаларының болмауы.
 
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің өрескел бұзушылықтарының анықталуына байланысты түрлі мекенжайлар бойынша үш Лагманхана, Striker компьютерлік клубы, «Ахчия» ТЖС, «Doctor» шиномонтажы, «Сытый папа», «Medina» көлік жуу орындары, сондай-ақ «Milky Icе» балмұздақ дүңгіршектері, самса, донер екі дүңгіршектері, «Шахин», «Асель», «Нұрлы», «Ляззат» азық-түлік дүкендері, құйылмалы сусындар дүкендері «Столовая» Туркестан, «Лагманхана» асханалары; «Крем брюле gelatto», coffe pizza, Golden Shisha, «Винная лавка», «Мансарда», «Гранат», «Четверг», «Бай казан», Мерей, «Анна Мария», «Виньяк-Коммерц», «кафе крафт», «Ля Виль», «Коркыт Ата», «Береке», «Халал», «Винокурня», «Лаут бар», «Бунгало», Comeen, «Мирас», «Шашлычок на Пастера Смайл», «Компот», «Лимоны жёлтые», Bangkok кафелері; «Dickens», «Бочонок», «Alycha», «Azia Mama», «Принцесса», «INZHU» мейрамханалары, «Аяжан», «Газиз», «Парикмахерская 777», «Арай» сұлулық салондары мен шаштараздары.

Жалпы, Алматы қаласында 5395 нысан тексерілді. Оның ішінде 591 объектіде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы талаптарының бұзылуы анықталды. Осыған байланысты 571 нысанның қызметі ескертулер жойылғанға дейін тоқтатылды.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір