– "Жастар жылының" ашылу салтанатында Н.Ә. Назарбаев "Жас кәсіпкер", "Жас маман" жобаларына жол ашты. Жұмысшы жастарды арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас ғалымдарға гранттық қолдау көрсету бойынша шараларды қарастырды. Осының бәрінде Елбасының жастарға деген нақты қамқорлығы мен сенімі байқалады, – деп мәлімдеді Дәулет Кәрібек.
Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция" атты конференция болып өтті. Оны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.
Пікір қалдыру
пікір