• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:35:39
+12°

Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон бейсенбі күні Қытай үкіметі Гонконг үшін қауіпсіздік туралы жаңа заң қабылдағаннан кейін Ұлыбритания Гонконг азаматтарына виза ұсыну туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін ескертті. Оған қоса Австралияның Ұлыбритания жағына шығып, Гонконг тұрғындарына қолдау көрсетуге дайын екенін жариялады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лондон "шетелдегі Ұлыбритания азаматы" (BNO төлқұжаты) мәртебесі бар Гонконг азаматтарына және олардың асырауындағы отбасыларына Ұлыбританияда бес жыл тұрып, жұмыс істеуге, кейіннен азаматтық алуға өтініш білдіре алатынын мәлімдеді. BNO төлқұжатына ие немесе оны алуға құқылы шамамен 3 миллион Гонконг азаматы бар. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб парламентке Гонконгпен тығыз қарым-қатынастағы басқа елдермен сөйлескенін айтты.

Гонконгтағы оқиғаларға қатысты Австралия үкіметі қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.

"Австралия Ұлыбританияға ұқсас Гонконг тұрғындарына қауіпсіз баспана ұсынуды қарастыра ма?" деген сұраққа Австралия премьер-министрі "Бірнеше апта бұрын қолдау сұраған ұсыныстарды біз белсенді түрде қарастырып жатырмыз, ол туралы соңғы мәселелер қозғалады. Жақын арада осындай мүмкіндіктер беруді министрлер кабинетінде қарастырамыз" деген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір