Көрнекі сурет
Қытайдың соғыс бастауынан қауіптенген Ұлыбритания қорғаныс саясатын жылдам қайта қарауға шақырды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Times Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбритания қорғаныс комиссиясының төрағасы және британиялық армияның бұрынғы офицері Тобиас Эллвуд сейсенбі күні Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес және мәдениет министрі Оливер Довден қатысқан кездесу барысында Лондонның қорғаныс саясатын жылдам өзгертудің маңыздылығын мәлімдеген.
Ол Ұлыбританияның қорғаныс саласын "түбегейлі қайта құру" қажеттілігін баса айтып: "Мен Премьер-министрге үлкен ықпал ететін екі министрлер кабинетіне қарата айтамын: біз бүкіл әлемде не болып жатқанын түсіну үшін осы Интегралды шолуды ұсынамыз. Мен қайшылықтарды естідім, иә, біз Қытайға қатысты жұмыстар жасауымыз керек. Олар (Қытай) Америка Құрама Штаттарына қарағанда экономикалық, технологиялық және әскери жағынан біздің өмірімізге ықпал ете бастайды... Жапония және Оңтүстік Корея сияқты азиялық одақтастармен тығыз байланыста болумен қоса, жасанды интеллектті кеңінен қолдануымыз керек. Бұл тактикалар Ұлыбритиния әскери басшыларының соғысушы Қытайға қарсы тұратын стратегиясының бөлігі ретінде қаралуы тиіс. Көңіл аударатын негізгі мәселелер қатарына Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізінде үстемдік орнатуға тырысуы, сондай-ақ Гонконгқа қауіпсіздіктің жаңа заңын енгізуі кіреді" деген.
Эллвуд тағы: "Олар бәрін аяқтағаннан кейін біздің көңіл аударатынымыз Гонконг болмай қалады. Бұл жерде Тайвань да қысымға түседі. Біздің алдымызда тұрған қауіп-қатерлер көптеген континенттерде түрлі формалармен кездеседі. Осы аптада мен Лондон Тауэрінде қызмет жетекшілері мен БЖМ басшыларын жинап, алдағы онжылдықта бізді қорғайтын заманауи, қабілетті және күшті қарулы күштерді дайын етуді талқылаймыз" деп мәлімдеген.
Ол Қытай әскери-теңіз флотының соңғы бес жылда жыл сайынғы өсімі жалпы Ұлыбритания корольдік әскери-теңіз күштерімен тең екенін ескерткен.
– Біз әскери қабілеттерімізді өте асыра бағалаймыз, алайда, ол бірнеше жыл бойы төмендеп келеді, – деп алаңдаушылғын білдірген Ұлыбритания қорғаныс комиссиясының төрағасы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір