Көрнекі сурет
Бүгін, 8 шілдеде Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Министрлік сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, гуманитарлық жүк Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтарының жалғасы ретінде жіберілген.
"Ресей Федерациясы гуманитарлық жүгінде медициналық маска, қорғаныс киімдерінің жиынтығы мен медицина препараттары бар. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы "СҚ-Фармация" ЖШС болып табылады" делінген министрлік хабарламасында.
Бұған қоса, министрлік жақын арада Ресей тағы бірнеше рейс гуманитарлық жүк жеткізетінін атап өтті.
Соңғы ресми ақпаратқа сай, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 51 мыңнан асты. Қазір елде коронавируспен бірге пневмония да өршіп тұр. Дәріханада дәрі, ауруханада орын жетіспей жатыр. 5 шілдеден бастап елде қайтадан карантин жарияланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір