09 Шілде, 2020 Аймақтар

Оңдасын Оразалин аудан әкімдеріне тұрғындардың мәселесіне байланысты жедел әрекет етуді тапсырды

Qamshy.kz

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ырғыз, Әйтеке би, Байғанин және Шалқар аудандарының әкімдерін қабылдады. Олар аудандарының осы жылдың алты айы ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баяндап, екінші жартыжылдың негізгі даму басымдықтарын анықтады. Аудандардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай да өңір басшысының қатаң бақылауында.

Аудан басшылары жағдайдың тұрақты екенін, қажетті дәрі-дәрмекпен және кереует орындарымен қамтылып жатқандығын айтты.


"Сіздер түрғындарды толғандыратын мәселені жақсы білулеріңіз қажет және соған жедел әрекет етулеріңіз тиіс. Бізде Президенттің аграрлық секторды дамыту бойынша тапсырмасын орындауға барлық мүмкіндік бар. Ниеті бар, ең бастысы жұмыс істегісі келетін шаруаларды барынша қолдау керек. Сіздер әлеуметтік нысандарды, автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарының барлығын сапалы әрі уақытында аяқтауларыңыз қажет",- деді өңір басшысы.
Өңір басшысы Әйтеке би ауданы әкімі Дархан Ермағамбетовтың назарын Қарабұтақ ауылына аударды.


"Бұл бұрынғы аудан орталығы. Елді мекеннің әлеуеті жоғары. Оның аумағымен "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық автокөлік дәлізі өтеді. Барлық мүмкіндікті пайдалану керек", - деді облыс әкімі. Кездесу соңында аудандарды әлеуметтік-экономикалық жағынан әрі қарай дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді, алдағы уақытта басты назарды ауыл шаруашылығын дамытатын мемлекеттік бағдарламалардың, "Бизнестің жол картасының", нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалап отыру тапсырылды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір