• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:17:53
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиева коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты, деп хабарлады Аstanatv.kz.

– Ең бастысы дене қызуына назар аудару қажет. Егер температураңыз 3 күн қатарынан 38 градустан түспесе, онда бұл вирустың бастапқы белгілері деген сөз. Тұмау кезінде демікпе болмайды. Дене қызуы көтерілгенімен, мұрын бітелмейді. Ал коронавирус дертін жұқтырған науқастардың буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді, – деді Зағрипа Әбдиева.

Оның айтуынша, мұндай симптомдар байқалған жағдайда дәрігер көмегіне жүгіну керек.

Соңғы деректерге сүйенсек Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 54 747. Оның ішінде жазылып шыққаны – 31 217, ал қайтыс болғандар – 264.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір