• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:09:57
Алматы
+12°

Бір аптадан бері ауруханада жатқан ақын Мұхтар Шахановтың жағдайы әлі де оңала қоймаған. Оның орынбасары Құдияр Біләл әлеуметтік желіде ақынға тиісті көңіл бөлінбей жатқанын жазып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады.

 – Әлеуметтік желі бетінде хабарланғанындай, қазақтың біртуар дара перзенті Мұхтар Шаханов Өзіңіз алаңдаушылық танытып отырған өкпе қабынуы ауруына шалдығып, Алматы қаласындағы "Қалқаман" ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ауырғанына бір жұмадан асты. Емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бере қойған жоқ. Аурухана әкімшілігі М. Шахановты ауруға шалдыққан көп адамның бірі ретінде ғана қабылдауда. Ал М. Шаханов, Өзіңіз білетіндей, КСРО кезінен бастап тәуелсіздік алуымыз үшін қызмет еткен санаулы тұлғаның бірі. Рас, жоғары билік шешімдерінің бәріне бірдей бас шұлғи бермейді. Бірақ Сіздің ұлттық мәселелерге қатысты шешімдеріңізді жоғары бағалайды. Өзіңіз Президенттікке сайлауға түскен кезіңізде де Сізге ашық түрде қолдау білдіріп, ұлт зиялыларын Сіздің төңірегіңізде жиналуға шақырған болатын. М. Шаханов сол ниетінен бір сәтке де айныған жоқ, – деп жазылған ашық хатта.
 
Ол ақынның бір аптадан  бері елеусіз ем қабылдап жатқанын жеткізді.
 
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақ халқы ерекше құрметтейтін М.Шахановтың ауруханада бір аптадан бері елеусіз ем қабылап жатуы, көпшілікке әртүрлі ой салуда. Оларда: "Мемлекет қазақ ұлтының мәртебесін, рухани құндылықтарын асқақтату тұрғысында бар өмірін сарп еткен М. Шаханов сияқты ұлттық тұлғалар денсаулығына неге назар аудармайды?" деген алаңдаушылық бар. Мұндай халық алаңдаушылығын өз мүдделеріне пайдаланғысы келіп жүрген күштер де аз емес. Соған орай Сізден М. Шахановтың денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуыңызды сұраймыз, – деп сөзін түйіндеді Құдияр Біләл.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір