• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:02:39
Алматы
+12°

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова коронавирус анықталған жағдайда дәрі-дәрмекті белгілі бір тәртіп бойынша ішу керектігін айтты.

"Коронавирус індеті 3 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – интоксикациялық кезең. Науқастың дене қызуы 38 градустан 40-қа дейін көтерілуі мүмкін. Әлсіздік пен терлеу басталады. Осы кезең бір аптаға созылады. Осы кезеңде ешқандай дәрі-дәрмекті ішпеген абзал. Дене қызуы 38 градустан артса ғана, оны төмендететін дәрі қолданылады. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды.

Екінші кезең 3-4 аптаға созылады. Бұл респираторлық синдром деп аталады. Дене қызуы көтерілген соң, құрғақ жөтел пайда болып, ентікпе басталып, буындар сырқырай бастайды. Осы кезде талдау сынамасының нәтижесі бойынша дәрігер антибактериялық дәрі-дәрмекті жазып беруі мүмкін. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды.

Үшінші кезеңде, яғни оңалу кезінде организмді қалпына келтіру жаттығуларын жасауға болады" делінген ғалым кеңестері жарияланған coronavirus2020 тереграм-каналындағы хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір