14 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанында қашықтан жұмыс істеген мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырғандар болмаған. Бірақ еңбек демалысы кезінде індетке шалдыққандар бар. Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтты.
– Осы мәселе туралы Денсаулық сақтау министрлігімен ресми түрде сөйлескен болатынбыз. Бізге берілген ақпарат бойынша, оқу жылының 4-тоқсанында вирусқа ешқандай мұғалім шалдықпаған. Алайда өкінішке қарай, еңбек демалысында жүріп вирусқа шалдыққан әріптестеріміз бар. Мұны қашықтан оқумен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ. Қазір – демалыс уақыты. Біз мұғалімдерден еңбек демалысы уақытында есеп, ақпарат сұрамадық, мәселелердің болмауын қадағаладық, – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір