15 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар карантин іс-шаралары кезінде 300 мыңға жуық маска мен 700 мың қорғаныш костюмін тіккенін Polisia.kz хабарлады.
"Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері қорғану құралдары сұранысқа ие болып келеді. Осыған байланысты 150 000 көпреттік және 150 000 бірреттік маскалар жасалды. Қамаудағылар шығарған жеке қорғану құралдарын облыстың күш құрылымдары пайдаланады. Карантин басталғалы бері осы іске ЕС-164/3 мекемесінің ерлер колониясынан 20, ЕС-164/6 мекемесінің әйелдер колониясынан 110 сотталғандар жұмылдырылды" делінген порталда.
– Менің ойымша, мұндай қиын уақытта адамдар бір-біріне көмектесуі керек. Біз маскалар тігу арқылы КВИ-мен күресуге аз да болса үлес қосып жатырмыз, – дейді сотталған А атты азамат.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір