15 Шілде, 2020 NEWS

Ұлттық кітапхананың бұрынғы директоры қайтыс болды

olden.rsl.ru

Алматыдағы ұлттық кітапхананың бұрынғы басшысы Жанат Сейдуманов қайтыс болды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанат Тұрарұлының қайтыс болғаны туралы ақпарат 14 шілдеде белгілі болған. Алайда неден көз жұмғаны әзірге белгісіз. Карантин режиміне байланысты марқұммен қоштасу рәсімі кітапханада өтпейді.

Жанат Сейдуманов 1960 жылдың 28 қарашасында Жамбылда (қазіргі Тараз қаласы) дүниеге келген. Ол 2016-2019 жылдары ұлттық кітапхананың директоры қызметін атқарған.

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір