15 Шілде, 2020 NEWS
Фото: ortcom.kz
10 шілдеде Мәскеуден Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде 55 тонна препарат жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады.
Оның айтуынша, Мәскеуден екі азаматтық бортпен жеткізілген 55 тонна дәрі коронавирус инфекциясы мен пневмонияны 1 ай емдеуге жетеді. Дене қызуын төмендететін, вирусқа қарсы препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктер жеткізілді. Сондай-ақ 150 мыңға жуық азитромицин, миллионға жуық цефтриаксон, 150 мың дана тамифлю, 50 мың арбидол, т.б. препараттар өңірлік дәріханаларға таратылды.
– Осы аптада Үндістаннан ұшақ келеді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілік заттарға деген сұранысты толықтай қанағаттандыру үшін мұндай шаралар ай сайын ұйымдастырылады, – деді Л.Бюрабекова.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір