• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:51:29
Алматы
+12°

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын бермек. Бұл туралы бүгін  орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты. 

Оның сөзінше, үкімет Тәжікстанға гуманитарлық көмекті жыл соңына қарай жібереді. 

– Қазіргі уақытта барлық ел бір-біріне көмек көрсетіп жатыр. Елімізге де басқа мемлекеттер гуманитарлық көмек беруде. Расында да Қазақстан үкіметі Тәжікстанға жылдың соңына қарай портативті өкпені жасанды желдету аппараты түріндегі гуманитарлық көмек көрсету туралы мәселені қарастырып жатыр. Бұл портативті аппарат екендігін атап өткім келеді. Ол пациентті жедел жәрдем көлігімен тасымалдау үшін қолданылады, – деді вице-министр. 

Людмила Бюрабекова портативті өкпені жасанды желдету аппараты Ақмола облысында шығарылатынын айтты. 

– Бүгінде аталған өндіруші өзінің өндірістік қуатын арттырып отыр. Кәсіпорын түркиялық компаниямен бірге қазіргі уақытта бізге аса қажетті болып отырған стационарлық өкпені жасанды желдеу аппаратын да шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс таяу аралықта жолға қойылады және жылдың соңына дейін еліміздің барлық ауруханаларына қажетті портативті және стационарлық өкпені жасанды желдету аппараттармен қамтамасыз етеді, – деді вице-министр. 

 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір