• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:03:29
+12°

Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде пневмонияға шалдыққандар не себепті коронавирус статистикасына енбегенін түсіндірді. Ол бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. 

– Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні ДДСҰ ұсынымына сәйкес, статистикаға ПТР-дің оң нәтижесі бар жағдайлар ғана кіріп отыр, – деп жауап берді вице-министр БАҚ өкілдері қойған сауалға.

Сондай-ақ елдің денсаулық сақтау министрлігі осы мәселе туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сұраныс жіберген.

Вице-министр келіссөздер арқылы есепке алынуға тиіс мәліметтерге қатысты ортақ шешімге келетінін хабарлады. Ол әр елдің статистикасы мен есепке алуға байланысты өз жолы барын, Қазақстан да барлық елмен қатар жүргісі келетінін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір