• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:48:23
Алматы
+7°
 

Ақмола облысының полиция департаменті 46 млн теңгеге бес жеңіл көлік сатып алу алуды жоспарлап отыр. 

Kaztag агенттігінің жазуынша, департамент әр көлікті 9 млн 205 мың теңгеден алмақ. Көліктердің жалпы бағасы 46 млн 25 мыңға бағаланған.

Мемлекеттік сатып алу сайтына жарияланған лотқа өтінім 20 шілде сағат таңғы 9 бен 22 шілде 18:00 аралығында қабылданады.

Техникалық сипаттамаға сай, көлік седан, коропкасы автомат, 100 км/сағ жылдамдықты 12 секундта бағындырып, максималдық жылдамдығы 195 км/сағ болуға тиіс.

Сондай-ақ сыртқы айнасы электрлік, әрі жылытқышы болуы керек. Алдыңғы орындықтары жылытылатын, 205/55 R16 үлгілік дөңгелегі, қосалды дөңгелегі, қосалды стоп белгісі бар, алдыңғы фары проекциялық, рөлі былғарымен қамталуы міндетті.

Бұған дейін Қазақстанның қаржы министрлігі барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға автомобиль, арнайы көліктер мен қызметтік көліктер, сондай-ақ кеңсе жиһаздарын сатып алуға 3 жылға мораторий енгізілгенін хабарлаған.

Мораторийдің күшіне енген/енбегені әзірге белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір