20 Шілде, 2020 NEWS

Денис Тен атындағы мəнерлеп сырғанау академиясы ашылады

Фото: мəдениет жəне спорт министрлігі сайтынан алынды

Алматыда мəнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясы ашылады. Бұл туралы мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Жоба мəдениет жəне спорт министрлігі, Алматы қаласының мəдениет жəне спорт басқармасы мен спортшының анасы Оксана Тенмен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Global Figure Skating академиясы – кезінде Денис Теннің мəнерлеп сырғанау спортының деңгейін зерттей келе, жеке тəжірибесіне сүйене отырып, дайындалған жоба болатын. Академия Алматы қаласындағы мұз сарайының бірінің жанынан ашылады.

Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясы Қазақстанда мəнерлеп сырғанау спортын дамытуға бағытталған бірыңғай орталық болады. Академия балалар арасында аталған спорт түрін бұқаралық деңгейге жеткізуге бағытталады. Қазір Оксана Тен Global Figure Skating академиясында балаларды баулу үшін Денисті жаттықтырған Татьяна Тарасова, Фрэнк Кэролл сынды даңқты бапкерлермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Алдағы уақытта осындай академияны Нұр-Сұлтан қаласынан ашу жоспарда бар.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір