• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:31:16
Алматы
+12°

Егер карантин ұзартылса тамызда 42 500 теңге төленеді ме? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

"2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізуге байланысты 2020 жылдың шілдесінде табысынан толықтай айырылған жағдайда, Шектеу шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес біржолғы төлем бір рет тағайындалады және бір айлық жалақы мөлшерінде (42,500 теңге) белгіленеді. Осылайша, осы Қағидалардың аясында 42,500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем осы жылдың шілде айына ғана төленеді" делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш қай уақытқа дейін қабылданады және қай санаттағы азаматтарға берілетінін айтқан болатын.

Оның айтуынша карантинде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындарға 42500 теңге төленеді. Оны аудан, қаладағы штаб пен салық комитетінің өкілдері белгілейтін болады.

Сонымен қатар министр egov.kz және 42500.enbek.kz-те 42 500 теңге мөлшеріндені төлем тағайындауға өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын хабарлаған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір