22 Шілде, 2020 Барлық аймақтар
stopfake.kz
Қазақстандағы зейнетке шығу жасы қысқаратыны туралы ақпарат әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тарап жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлады Stopfake.kz.
Facebook қолданушысының бірі парақшасында жариялаған скриншотта ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады делінген. Мәтінмен бірге Қазақстан Президентінің суреті берілген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпартты жоққа шығарды.
"Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ", деп мәлімдеді министрлік.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір