• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:38:04
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысында 6-18 жас аралығындағы атаулы әлеуметтік көмек алатын 14369 балаға, сондай-ақ 47245 мүмкіндігі шектеулі жан мен 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 5017 балаға және мүгедек бала тәрбиелеп отырған 5220 адамға, сонымен қатар жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 7195 азаматқа азық-түлік себеті таратылады.

Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов мәлім етті.

Облыс бойынша 79 мың адамға 5567 теңгеден беріледі. Себебі ең қажетті азық-түлікті сатып алу үшін осынша қаражат көлемі жеткілікті. Осы мақсатта 440 миллион теңге қарастырылып отыр. 

– Қазіргі уақытта 7196 адамға азық-түлік себетінің ақшасы берілді. Оған 40,1 миллион теңге жұмсалды, –  деді Досхан Қайырғазинов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шқо 5567 теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір