• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:35:50
Алматы
+12°

1 млн 661 мың қазақстандыққа 42 500 теңге біржолғы төлемі берілді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"24 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды" делінген хабарламада.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:

– 801,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 499,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-боттар арқылы;

– 226 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 494,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 801,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 137,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 82 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір