25 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
"Тальго" пойызының екі бағыт бойынша қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі эпидемиология жағдайына байланысты жолаушылардың екі бағыт бойынша пойызға сұранысы азайған.
"Қоғамның қаржы мәселесіндегі қолайсыздықтың алдын алу мақсатында, сұраныс аз болып отырған "Тальгоның екі коммерциялық жолаушылар пойызының жүруін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады:
№ 69/70 "Алматы-2 – Өскемен-1" бағытындағы пойыз Алматыдан жөнелтілуі 1 тамыздан бастап, Өскеменнен келуі/жөнелтілуі 2 тамыздан бастап;
№ 51/52 "Алматы-2 – Орал" бағытындағы пойыз Алматыдан 2 тамыздан бастап, Оралдан келуі/жөнелтілуі 4 тамыздан бастап" делінген хабарламада.
Осы екі пойызға жол жүру құжатын (билет) алып қойған жолаушылар ақшаларын толық қайтарып ала алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір