26 Шілде, 2020 Барлық аймақтар

Алматыда екі кафе түнде қонақтарды қабылдаған

Polisia.kz.

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында Шевченко көшесінде орналасқан.

Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам "Веселидзе" кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан "Бакинский бульварында" 60-қа жуық демалушы анықталды.

Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.

Ілмек сөздер: Алматы Карантин Кафе

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір