• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:04:43
Алматы
+12°

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын ескерту мақсатында Алматы тұрғындарының арасында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен 14 шілдеден бастап ұлттық саябақтар мен туристік орындарға баруда жекелеген шектеулер енгізілді.

Атап айтқанда, ұлттық саябақтар аумағына, танымал туристік және таулы нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, сонымен бірге, радонды қайнар бұлағы) кез келген көлікпен баруға тыйым салынады. Демалыс күндері ұлттық саябақтар келушілер үшін жабық.

Жұмыс күндері тек жаяу серуендеуге келесі ережелерді сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:

- Ішетін сусыннан басқа азық-түлік өнімдерін әкеліп, пикник ұйымдастырып, алау жағуға қатаң тыйым салынады;
- Саябақ аумағында үштен артық адамдармен топтасып жүруге тыйым салынады;
- Әлеуметтік қашықтық сақтаудың санитарлық нормаларын ұстанып, маска кию және адамдар арасында қашықтық сақтау.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: COVID-19 Алматы саябақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір