• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:50:30
Алматы
+12°

1 тамыздан бастап Дубайға барған қазақстандықтар коронавирусқа екі рет тест тапсырады. Бұл туралы Whatson сайты хабарлады.

29 елдің тізіміне Қазақстан, Ауғанстан, Армения, Бразилия, Бангладеш, Джибути, Египет, Эритрея, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Ливан, Черногория, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Сербия, Сомали, Оңтүстік Африка, Шри-Ланка, Судан, Танзания, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ кіреді.

БАӘ билігінің хабарлауынша, бұл коронавирусты жұқтыру жағдайлары көп елдер.

Бұрын аталған елдерден келген барлық жолаушыларда коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсеткен сертификаты болуы керек болатын. 1 тамыздан бастап олар Дубай әуежайында тест тапсыру керек.

"Тестілеуден өткеннен кейін жолаушылар нәтиже шыққанға дейін оқшаулануы тиіс. Егер нәтиже теріс болса, әрі қарай оқшауланудың қажеті жоқ" делінген хабарламада.

Тест нәтижелерін алу үшін COVID-19 - DXB Smart қосымшасын жүктеу қажет.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір