23 Шілде, 2020 NEWS
Фото автордікі
Жұқпалы індеттің жаппай таралуына байланысты қазір инфекциямен күресуге медицина қызметкерлерімен бірге еріктілер де жаппай жұмыла бастады.
Атап айтсақ, Алматы облысы Ақсу ауданы Б.Сырттанов ауылының жеке шаруалары Дастан Өмірзақұлы, Ерболат Тасболат, Қалқаман Самалбек, Ұлан Мұқатаев және ауыл кәсіпкерлері ауылдық округке қарасты Б.Сыртанов ауылы мен Қопа ауылындағы 40 отбасыға 50 литр қымыз берді. Сонымен қатар, Ақсу аудандық орталық ауруханасында жатқан науқастарға 1 қойдың еті мен 50 литр қымыз таратты.
Аудандық орталық аурухананың провизорлық және жұқпалы аурулар бөлімінде қызмет ететін 64 медицина қызметкерлері екі айдан бері Е.Сихымов атындағы мектеп-интернатының жатаханасына орналасқан болатын. Басты мақсат тұрғындардың және ақ халатты абзал жандардың отбасыларын, жақындарын сақтау. Оларға қолайлы жағдай жасау. Осыған орай, Қызылағаш, Ақсу, Ойтоған, Қарагөз, Жаңалық, Қарашілік, Н. Есеболатов, І. Жансүгіров ауылдарындағы азаматтардың ұйымдасуымен 600 мың теңге қаражат жинап, індетпен күресіп жүрген ах халатты абзал жандарға азық-түлік, жеміс-жидек, қой еті мен қымыз апарып берді. Кең жүректі ауыл азаматтарының қауіпті індет кезінде аудан жұрты үшін атқарған игілікті істері көз қуантады. Әрдайым қайырымдылық жасап, қолындағысын бөліп беруге дайын тұратын жомарт жандар ауданда аз емес. Жомарт жандар игілікті шара әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.
Айдар ҚАЛИЕВ
Алматы облысы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір