• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:37:12
Алматы
+35°

Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Шымкет өаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы "Қайнар" университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, "Жайық-пресс" ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті, "Мазмұндама" қоғамдық қорының төрағасы қызметтерін атқарған.

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір