• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:48:14
Алматы
+12°

Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Өткен жылмен салыстырғанда, мұндай оқиғалардың айтарлықтай өсуі (25 браконьерлік фактісі, 530 мүйіз бен 650 тұтас ет алынды) мемлекеттік органдардың қылмыстық топтардың жолын кесудегі арта түскен жұмыс үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл жеделдігімен байланысты. Өткен жылмен салыстырғанда, мұндай оқиғалардың айтарлықтай өсуі (25 браконьерлік фактісі, 530 мүйіз бен 650 тұтас ет алынды) мемлекеттік органдардың қылмыстық топтардың жолын кесудегі арта түскен жұмыс үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл жеделдігімен байланысты.

Жалпы алғашқы жатыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3 748 оқиғасын анықтады. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте жалпы айыппұл сомасы – 44 млн теңге, залал сомасы – 1,6 млрд.теңге.

Өткен жылғы осы кезеңді салыстыру үшін алсақ, 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы 45,6 млн теңге, залал сомасы 870 616,2 мың теңге болған" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір