• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:36:28
Алматы
+12°

Қазақстандағы Covid-19-ды қоғамдық бақылау ресми тобы мен Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп «Азаматтық сараптама» онлайн жобасын өткізді.

Бұл жоба әлеуметтік-экономикалық жағдайды мемлекеттік билік органдарына тәуелсіз қоғам мүдделері тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты – сарапшылық қоғамдастықтың рөлін арттыру, қоғамдық пікірталастарды кәсіби платформа, білім мен нақты тәжірибеге сүйене отырып, ең тиімді шешімдерге басты назар аударатын арнайы алаңдарда өткізу.

"Біз сауалнамалар жүргіземіз, жарияланымдарға, соның ішінде әлеуметтік желілерге сараптама жасап, сарапшыларға сұхбат береміз, салалық коалициялардың қызметіне тоқталамыз, дөңгелек үстелдер, мемлекеттік органдармен кездесулер, конференциялар, қоғамдық пікірсайыстар, онлайн-пікірсайыстар өткіземіз" делінген хабарламада.

Жиында талқыланған негізгі мәселе - мемлекет қаржыландыратын гранттарға қатысты.

Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларға жүздеген миллион теңге жұмсалады.

Сонымен қатар, бұл талдау жасау жүйесі аясында елімізде жүргізіліп жатқан жобалар қаншалықты тиімді, олар нақты бастаманы неге қолдады? Олардың тиімділігі қаншалықты жоғары? Бөлінген қаражат қаншалықты ашық жұмсалады? деген сұрақтар жан-жақты талқыланып, зерделенбек.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір