03 Тамыз, 2020 NEWS
Суретте Алексей Цой
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде болып жатқан онлайн-брифингте айтты.
– Ең алдымен елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайық. Елдегі ахуал тұрақталды деп айтсам артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделуде. Қалған науқастар жазылып шықты. Кешегі күнмен есептегенде, өкінішке қарай 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте 1069 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Ауруханада дәрі-дәрмек жеткілікті. Коронавирус пен пнемонияға шалдыққан науқастарға арналған 52000 төсек орын бар, – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір