04 Тамыз, 2020 Барлық аймақтар
Көрнекі сурет
Далада және ашық қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтаған кезде маска тағудың қажеті жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
– 5 жасқа дейінгі балаларға, бес адамнан аспайтын жеке немесе топта спортпен шұғылданатындарға, медициналық жағынан карсы көрсетілімі бар адамдарға маска тағудың керегі жоқ, – деді министр үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол қоғамдық орындарда, ғимараттарда, қызмет көрсететін, демалатын және ашық қоғамдық орындарда маска тағу міндетті екенін атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір